Жамбыл облысы: толассыз жауынның салдарынан 500-ге жуық қой суға батып кеткен

Иесінің айтуынша, сол кезде қорада 1,6 мыңнан астам мал болған.

Бірнеше күн бұрын Жамбыл облысы Шу ауданының таулы аймағында толассыз жауған жаңбырдың арты селге ұласқан. Кенеттен басталған су тасқынынан "Ынтымақ" шаруашылығын су басқан. Салдарынан 500-ге жуық қойды қатты ағыс алып кетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Иесінің айтуынша, сол кезде қорада 1,6 мыңнан астам мал болған. 485 қой суға батып кеткен.

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. Жайылымды аралап, екі жүзге жуық қойдың өлексесі табылған. Енді тілсіз жаудан жапа шегіп, шаш-етектен шығынға батқан шаруаға өтемақы төленбек.

Жергілікті билік барлық өлген жануарлар болса, шығындарды өтеуге уәде береді, – делінген материалда.

"Әзірге мал шығыны 192-ге жетті. Оның өзі табылған малдың өлексесі. Қазір қалғанын іздестіріп жатырмыз. Зардап шеккен шаруашылық өтемақы алуы үшін бәрі есепке алынуы керек. Сол үшін де арнайы комиссия құрылып, өлген малдың құны есептелмек", – деді Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.