Моңғолия елінің басшысы Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.
Моңғолия президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
392
оқылды

Моңғолия президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады. Айта кетерлік дүние, Моңғолия – 2004 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.

Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн-ды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.