Көлік ішінде ұрған: Түркістан облысында бойжеткен сүйіктісінің соққысынан көз жұмды

Желіде тараған ақпаратқа сай, қыз бен жігіт бір жылға жуық кездесіп жүрген. Тіпті той күнін белгілеп қойған.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында ер адам сүйіктісін өлтірді деген ақпарат тарады, – деп жазады Aikyn.kz.

Жігіт қызды күнде жұмысынан алып қайтып, үйіне жеткізіп жүрген. Ол 30 маусым күні кешкі сағат 18:30-да қызды жұмысынан алып, бірден өз үйіндегі гаражға кірген. Одан кейін не болғаны белгісіз. Сарапшылардың талдауына сай, қыз 20:30-да қайтыс болған.

Toyota Land Cruiser Prado көлігінің салонында 19 жастағы З. есімді ер адам сүйіктісі Э-ні ұрып-соққан. Қыз соққыдан көз жұмған. Алайда қылмыстың нақты себебі хабарланған жоқ. 

Stan.kz Түркістан облысы Полиция департаментіне хабарласып, жағдайға қатысты оқиғаның мән-жайын білді.

“Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажет сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.