Енді олардың ата-анасына жаза қолданылуы мүмкін.
«Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17 жаста»: Кәмелетке толмағандардың тойы желіні шулатты
podrobno.uz
1,257
оқылды

Өзбекстанда кәмелетке толмағандардың тойының арты дауға ұласты. Мәселеге балалар омбудсмені араласқан. Жас жұбайдың ата-анасына жаза қолданылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Рodrobno.uz порталының деректеріне сүйенсек, тойдың видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін ерлі-зайыпты кәмелетке толмағаны анықталған. Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17 жаста. Бұл желі қолданушылары арасында дау туғызды. Оған қоса бұл жағдайды ерекше бақылауына алған балалар омбудсменінің назарын аударды.

"Қаракөл ауданының Ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізді. Кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты жиналған құжаттар сотқа жіберілді", – деп жазылған портал мәліметінде.

Өзбекстанда жастар Отбасы кодексіне сәйкес, 18 жастан бастап некеге тұра алады.

Бұған дейін осыған ұқсас оқиға қазақстандықтарды да дүр сілкіндірген болатын. 2019 жылы әлеуметтік желілерде Ақтауда 15 жастағы жасөспірімдер үйленгені туралы ақпарат тарады. Құқық қорғау органдары тергеу барысында қалыңдық пен күйеу жігіттің жасы 20-дан асқанын анықтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.