Қазақ тілінде сұрақ қойған жас бала Чекменевтен ұрыс естіді.
Қазақстандық автопилот Чекменев қазақша сөйлеуден бас тартты
instagram.com/artem.chekmenev
2,192
оқылды

Артем Чекменев – Қазақстандағы Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі. Әлеуметтік желіде оның қазақ тілінде сөйлеуден бас тартып, дауласып жатқан видеосы таралып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме бере отырып.

Ерлер арасында дауға не себеп болғаны белгісіз. Десе де видеодан қазақ тілінде сұрақ қойған жас бала Чекменевтен ұрыс естіп жатқанын көруге болады.

«Сен мен түсінетін тілде сөйле, әйтпесе менімен мүлдем сөйлеспе, ұқтың ба? «Ей» деп әйеліңе айтасың. Сен орыс тілін түсінбейсің ғой, братан», – дейді ол.

Қазір Артем Чекменев Instagram парақшасындағы соңғы жазбаларына пікір қалдырмайтындай етіп қойған. Дегенмен желі қолданушылары оның бұрын шыққан жазбаларына неліктен қазақ тіліне қарсы екенін сұрап, пікір жазып жатыр.