УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін
УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін
© inform.kz
348
оқылды
Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшылығы коронавирусқа байланысты Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының матчтарын өткізуді тоқтату нұсқасын қарастыруда. Бұл туралы ағылшынның The Sun басылымы Catalunya Radioға сілтеме жасап хабарлайды. «Испандық Catalunya Rаdio радиосының хабарлауынша, УЕФА басшылығы турнирді 1/4 финал кезеңінен бастап тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыруда», - делінген хабарламада.