Кездесуде президенттер өнеркәсіптік кооперацияны, энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту және өңіраралық байланыстарды жандандыру перспективаларын жан-жақты талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесу өткізді
Фото: Ақорда
651
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан осы маңызды іс-шараның дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді. 

– Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр. Сондықтан бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Әлбетте, мұны ҰҚШҰ саммитіне орайластырған тиімдірек болар еді. Екіжақты қарым-қатынасымызға келер болсақ, сіздермен үнемі байланыстамыз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып, шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді, – деді Ресей Президенті.

Кездесуде президенттер өнеркәсіптік кооперацияны, энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту және өңіраралық байланыстарды жандандыру перспективаларын жан-жақты талқылады. 

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы тұрақты саяси диалогті сақтауға өзара ниетті екенін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.