Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.
Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Фото: Үкімет
510
оқылды

Беларусь президентінің ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында Александр Лукашенконы Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Александр Лукашенко Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады. Онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады. 

Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде дамытып келеді. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы $1 млрд-қа жақындап, кейде одан да асып түсті. Осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті. 

Өнеркәсіптік кооперация аясында 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен $200 млн сомасына ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 10 бірлескен жоба іске асырылды. Тағы 4 ірі жоба іске асырылу сатысында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.