78 жастағы кейуананың аяғы құрттаған, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.
«Жәндіктер денесіне кіріп-шығып жүр»: Таразда адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан кейуана табылды
Фото: istockphoto.com
2,047
оқылды

Таразда еріктілер жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан кейуана мен оның екі баласын тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жазды. Журналистің айтуынша, 78 жастағы кейуананың аяғы құрттаған, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.

«Ал 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық дейді еріктілер», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.