Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Астанада халық саны 1,5 миллионға жетті
Фото: istockphoto.com/ru
1,635
оқылды

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сәйкес, 2024 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында халық санының өсімі 106 072 адамға жеткен. Жыл басында елімізде 20 033 841 адам өмір сүрсе, 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша халық саны - 20 139 914.

Қала халқының саны 12 552 583 адам болса, ауыл халқының саны 7 587 331 құрап отыр. Ал Қазақстанда 10 302 166 әйел тұратын болса, ерлердің саны 9 837 748. 

Қазақстан халқының ең көп бөлігі Алматы қаласында өмір сүретіні белгілі болып отыр. Онда 2,2 млн адам тұрады. Екінші орында Түркістан облысы. Аталған өңірде 2,1 млн тұрғын болса, Алматы облысында 1,5 млн халық өмір сүреді.  2024 жылдың 1 маусымдағы көрсеткішке сәйкес, бас шаһар Астанада 1 464 415 адам, ал Шымкент қаласында 1 236 901 тұрғын бар.