2023 жылы Қазақстанда астрологтер, балгерлер мен көріпкелдер 39,1 млн теңге табыс тапқан.
Бір жылда қазақстандықтар 39 миллион теңгені астролог пен бақсы-балгердің қызметіне төлеген
www.istockphoto.com
1,151
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сома тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 млн теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген екен.

Тіркелген кәсіпкер астрологтердің ең көп табыс тапқан жері – Астана. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан. Айта кетейік, мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген болатын.