Астанада Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.
ШЫҰ саммиті: Терроризм, экстремизм, сепаратизммен бірлесе күрескен жөн
648
оқылды

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады. ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де талқыланады. Сондықтан әлемде тұрақтылықты сақтау үшін қауіпсіздікке айрықша мән беру маңызды. 

Қазақстан қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаевтың пікірінше, қазіргі кезде терроризм, экстремизм, сепаратизм әлем халқын алаңдатып отыр. Ол бұл туралы 24.kz арнасына берген сұхбатында айтты.

«ШЫҰ бастапқыда үш қауіппен қарсы күресеміз деп айтылды. Олар – терроризм, экстремизм, сепаратизм. Қазіргі кезде трансұлттық деңгейдегі қауіп-қатерлер мен сын-тәуекелдер көбейіп келе жатыр. Оның ішінде киберқылмыс бар. Оның ішінде ұйымдасқан халықаралық мына қылмыстық топтарға қарсы күрес бар. Есірткі тасымалы бар. Олар, яғни қандай да бір шекараға қарамайды. Екінші бір елге өтіп кету қатері өте үлкен», – деді Олжас Бейсенбаев.

Бұған дейін Астанада ШЫҰ-ның саммиті өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Жиында Беларусь Республикасын ШЫҰ-ның  толыққанды мүшесі болды.