Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, қоғамдық көлікпен жүре алады.
Жол ақысын төлей алмаған жасөспірімдерді автобустан түсіруге тыйым салынады
3,100
оқылды

Елімізде енді ата-анасыз жүрген балалар автобуста жол ақысын төлемесе де, жүргізуші одан түсіріп жібере алмайды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады. 

Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық-қорғаншылық органдарына хабарласуы тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.