16 жастағы жасөспірім күдікті ретінде ұсталған.
Анасын өлтірді деп күдікке ілінген жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді
www.istockphoto.com
1,732
оқылды

БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімге қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы Аikyn.kz сайты хабарлайды. 

Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. Күдікті ретінде әйелдің 16 жастағы ұлы ұсталған. Қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған.

"Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “Кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.

Басты сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.