Қазақстандық сарапшылар бәс тіккен және ақша жоғалтудан қорқатын жанкүйерлер ғана денсаулығына алаңдауы керек деп санайды.
Ғалымдар чемпионат көрудің денсаулыққа кері әсер ететінін айтты
734
оқылды

Футболдан Еуропа және әлем чемпионаттарын көру денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Ағылшын ғалымдары матчты тікелей эфирден көру жанкүйерлер арасында жағымсыз эмоция тудыратынын анықтады. Бұл стресс деңгейін және жүрек ауруының қаупін арттырады дейді. Бұл туралы Аikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік мамандардың айтуынша, жанкүйерлердің көңіл күйі ойын кезінде жиі өзгереді. Сонымен қатар көптеген адамдар алкогольдік сусындарды көп мөлшерде ішеді. Бұл денеге одан сайын ауыр соққы береді. Бірақ сүйікті командасы жеңсе, жанкүйерлер оң нәтиже ала алады. Жеңіс үшін қуанған сәтте жағымды әсер қалыптасып, бақыт гормондары пайда болады.

Қазақстандық сарапшылар бәс тіккен және ақша жоғалтудан қорқатын жанкүйерлер ғана денсаулығына алаңдауы керек деп санайды.

“Спортқа ақша табу, оңай олжа деп қарайтын бәс тігушілер, лудомандар қатты уайымға салынып, жеңіліске құлазиды. Ол эмоцияны командаға деген махаббаттан емес, ақшаны жоғалтудан қорыққаннан өткереді”, – деді спорт комментаторы Данияр Кәрімжан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.