Бірақ сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Қайрат Нұртаспен жанжалдасқан жолаушы 10 тәулікке қамауға алынды
www.istockphoto.com
1,374
оқылды

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртаспен ұшақта жанжалдасқан жолаушыға қатысты істі қарап, қаулы шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Сот анықтағандай, 2024 жылдың 4 маусымында Асылбек Бекқайыров Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында Қайрат Айдарбековпен (Нұртас – ред.) жанжал шығарып, арты төбелеске ұласқан.

«Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. А.Бекқайыров өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған», – деп жазылған сот хабарында.

Сот отырысында А.Бекқайыров өз кінәсін мойындамаған.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қарастырылған.

«Сот қаулысымен А.Бекқайыров ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады сот.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.