Коронавирус 4,5 метр қашықтықтағы адамға жұғады
Коронавирус 4,5 метр қашықтықтағы адамға жұғады
362
оқылды
Ғалымдар коронавирустың ауада қанша уақыт тіршілік ететінін анықтады. Вирус ауада кем дегенде 30 минут өмір сүреді және жұқтырған адамнан 4,5 метр қашықтықтағы сау адамға жұға алады, - деп хабарлайды zakon.kz. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Хуан провинциясының ғалымдары автобуста бір жолаушының тағы жеті адамға вирусты жұқтырған оқиғасын егжей-тегжейлі талдады. Бетперде кимеген ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған ерлі-зайыптыларды және бірнеше адамға ауруын жұқтырған. Сонымен қатар, барлық адам түсіп қалғаннан кейін 30 минут өткен соң осы автобусқа келесі рейсте мінген тағы бір жолаушы инфекцияны жұқтырды. Ғалымдар науқастың түшкіруі немесе жөтелу кезінде шашыраған тамшылары барып қонған затында бірнеше күн бойына сақталатынын анықтады. Осы жағынан алғанда, дәрігерлердің қауіпсіз қашықтық 2 метр деуіне күмән келеді. Осылайша, дәрігерлер қолды жуудың және маска киюдің маңыздылығын тағы да растады.