Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева және депутаттар Жұлдыз Сүлейменова, Мақсат Толықбай, Қазыбек Әлішев су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 40 адам уақытша тұрып жатқан Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пункттердің бірін аралады.
Тасқынның салдарын тексерді
465
оқылды

Ақтөбе маңындағы саяжай тұр­­ғындары табиғи апаттың сал­дарынан бірнеше сағаттың ішін­де үй-күйсіз қал­ды. Олар тек құ­­­­жат­­­­­тарын алып үлгерген. Қазір зардап шеккен тұрғындар Қ. Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңірлік уни­вер­ситетінің жатақхана­­сын­дағы эва­куа­циялық пунктте тұрып жатыр.

Сәуір айында үйіміз суға кет­кеннен бері біз эвакуация орта­лығында тұрып жатырмыз. Мұн­да барлық жағдай жа­салған. Үш мезгіл тамақ беріледі, кино­ға, кон­­­церттерге билеттер тара­ты­ла­ды. Партия өкіл­дері төрт жасар қы­зымды түзету бала­бақ­­шасына орналас­тыруға кө­мек­­­тесті. Жөн­деу жұмыстарына кірі­сіп кеттік, үйімізге оралатын күн де алыс емес, – дейді Ақтөбе тұр­ғыны Мар­­жан­гүл Ерназарова.

Қазір бұл эвакуация пунк­­­­­тінде 36 адам, яғни 9 отбасы тұрады. Ақ­төбе қаласы бойынша барлығы 7 уақытша орналастыру пункті жұ­мыс істейді, онда қазір 695 адам бар болса, 325-і – б­а­лалар. 

– Баспанадан айырылу әр отбасы үшін үлкен сынақ екенін түсінеміз. Біз­дің міндетіміз – зардап шек­кендерді уақытша ор­налас­тырумен қатар, олар­дың мүмкіндігінше тезі­рек қалыпты өмір­­ге оралуына кө­мектесу. Біз су тас­қынынан зардап шеккен­­дердің әрқай­сысына қолдау мен қажетті көмекті беру үшін бар күшімізді саламыз. Бірлескен күш-жігері­­мізбен біз барлық қиын­дықты еңсеріп, жоғалған­ның бәрін қал­пына келтіреміз, – деді Мәжіліс депутаты Қа­зыбек Әлішев.

Айта кету керек, су тасқы­ны­нан зар­дап шеккен Ақтөбе облы­сының тұрғын­дарына арнап 517 үй салынып жатыр. Сонымен қатар мемлекет есебі­нен 383 пә­тер сатып алынды.