Танымал эстрада әншісі, ақын Роза Әлқожа дүниеден ерте кеткен әнші Ажар Түзелбекқызын есіне алды.
Роза Әлқожа: «Сағындым сені» - 14 жасымда жазған әнім
Роза Әлқожаның желідегі парақшасынан
2,377
оқылды

Ол марқұм орындаған "Сағындым сені" әнін айтып жүргендерге ренішін білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сағындым сені. Он төрт жасымда жазған әнім. Кейінірек марқұм Ажар Түзелбекқызы ұнатып алып, сөзін Исраил Сапарбай аға жазды. Қазір қазақ-қырғыз арасында кеңінен тараған бұл әнді орындаушылар көбі қуантады. Бірақ кішкене сый-құрмет болуы қажет. Авторын атап өтіп, не жазып қоюға болады. Сосын әнді орындамас бұрын автордан рұқсат алу қажет екенін ұмытпаңыздар! Авторлық құқық деген болады. Орындаушысы қайтыс болғанымен, авторлар бармыз!" – деді Роза Әлқожа.