Бюроның мәліметінше, бұл есімге ие адамдардың басым бөлігі ерлер – 17 адам.
Елімізде есімі Астанамен байланысты қанша адам бар?
Егемен Қазақстан
784
оқылды

Ұлттық статистикалық бюросы елімізде елорда күніне орай Астана есімі берілген 24 адам тұратынын жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады",  деп жазды бюродан.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Олар  Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

2024 жылдың 1 маусымдағы дерек бойынша, елордадағы халық саны 1 464 415-ке жетті, оның 696 234-і  ер азамат, 768 181-і  әйел.