Компанияның баспасөз қызметі жазғандай, "Қазақстан темір жолына" жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.
Билеттерді заңсыз сатқан: Алматы вокзалының басшысы қызметінен кетті
Яндекс
1,674
оқылды

ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан", - деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

"Вокзал бастығы А.Б. тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.