Жантүршігерлік қылмыс 2023 жылғы 18 қазанда болған.
БҚО-да 16 жастағы жігіт өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Ашық дереккөз
1,390
оқылды

БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы азаматтың ісі сотқа жіберілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне күдікті ретінде марқұмның 16 жастағы ұлы қолға түсті.

"Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан, сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.