Әнші алтыншы сәбиі өмірге келгенде өзгеше күй кешкенін айтады.
«Ақыл кірген сияқты Төрештеріңізге»: Төреғали Төреәлі жұбайына сезімін білдірді
Фото: instagram.com/ toregalitoreali
7,650
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлінің алтыншы баласы дүниеге келді. Көпшілікке қуанышын бөліскен ол желіде жұбайы Толқынға алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әнші алтыншы сәбиі өмірге келгенде өзгеше күй кешкенін айтады.

"Қуанышта шек жоқ. Қазіргі сезіммен бөлісетін болсам, Аллаға сансыз шүкір! Бұрынғы балаларымда басқаша еді. Осы жолы сезім бөлек, ақыл кірген сияқты мына Төрештеріңізге. Кішкене сабыр, байсалдылық бар сияқты. Бірақ перзентханаға қанша барып жүрсем де, не алу керек екенін әлі жаттамаппын. Толқын деген ер екен, жарайсың. Тоқабай, Алла разы болсын саған. Біздің ұрпақтарды дүниеге әкелдің. Алла тілеуіңді берсін. Сен мен үшін соңына дейін тұрып бердің. Енді мен сен үшін тұрып беремін, көресің. Алла көзімді қайта-қайта жеткізіп жатыр. Не алайын енді саған айтшы, аспандағы айды алып бер дейсің бе? Теңіздің ортасынан үй салып берейін бе? Сен үшін бәрін жасаймын. Әуелі Құдай!» - дейді Төреғали Төреәлі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.