Шымкентте ер адам жасөспірімді тәрбиелеймін деп аяусыз ұрған

Оқиғаның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.

Шымкентте ер адам жасөспірімді тәрбиелеймін деп аяусыз ұрып жатқанын көрсететін  видео тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрысып, ағашпен ұрып, кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - дейді.

"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.

Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.