Бұрынғы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин кеше ғана Астана күні өткенін жазады.
Сұлу жарымды кездестірдім: экс-министр Астанадағы күндерін есіне алды
Бағдат Мусиннің желідегі парақшасынан
1,393
оқылды

Экс-шенеунік 20 жыл бұрын, 21 жасында оқу бітіріп Астанаға келген кезін есіне алады, - деп жазады Aikyn.kz.

"Әкем жалғыз өзі бір комнаталық пәтерде тұрған еді. Сонда әкем: «қасыма кел, үлкен жобалар бар, бұл қалада жаңа серпін бар, қазір келіп жұмысқа іліксең жақсы болады», - деп өз өсиетін айтқан еді. Ол кезде өзім Алматыда веб-сайттар жасап бір İT компанияда жұмыс істеп жүрген болатынмын. 

Бірақ әке сөзін жерге тастамайын, бір жыл болсын жанына барайын деп бел будым. Содан бері елордамен бірге 20 жыл зымырап өтіпті. Бұл қала сол кезде келген жастардың көбіне жолдары ашылғанымен есте қалатын сияқты", - деп жазды Бағдат Мусин.

Ол осы қалада сұлу жарын кездестіргенін атап өтеді. Содан соң бірінен соң бірі 5 баласы дүниеге келген.

"Ірі жобалар болсын, жұмыс болсын қорықпай, білек сыбана атқардық. Қателері күндер де болды, жеңісті де жемісті күндер де болды. Жұмыс болған соң солай болады. Еш нәрсе істемейтіндер ғана қателеспейді. 

Астанаға үміттеніп, арман қуып келген әрбір жанға, жас студенттерге, жас мамандарға Алла Тағаладан бақ-береке тілеймін. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын! 

Кеңес: Әкелеріңізді тыңдасаңыздар жаман болмайсыздар", - дейді экс-министр.