Әркім өзі жауап береді: Алтынай Жорабаева оқырмандарына не айтқысы келді?

Танымал әнші Алтынай Жорабаева желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды.

Ол көпшілікті әркімнің жеке шекарасын құрметтеуге шақырды, - деп жазады Aikyn.kz

"Әркімнің өз шындығы бар… Бірақ ақиқатын Алла ғана біледі. Блогер болсын, имам болсын, психолог, коуч болсын,  әнші болсын, шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын, ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын, ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ! Сын айтуға, пікір білдіруге әр адам құқылы. Соның өзінде сын айтатындай қаншалықты мінсіз? Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді", - деді ол.