Шатырдан аққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа бөлігіндегі жүк бөлмесінің төбесінен құйылған.
Астана әуежайын су басты
Фото: видеодан кадр
703
оқылды

Астанада халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жолаушылар әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео жариялап жатыр. Шатырдан аққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің төбесінен құйылған.

Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсінік берді.

«Астана халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары кезінде су құбырына зақым келтірілді. Қазіргі уақытта біздің мамандар жағдайды түзету және жұмысты мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеуде. Орын алуы ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызды бағалаймыз. Біз жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз. Әуежай қызметкерлерінің нұсқауларын және әуежай жұмысындағы кез келген уақытша өзгерістерді көрсететін белгілерге мән берулеріңізді сұраймыз», – делінген әуежай хабарламасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана лайв 24 Жаналық Новости (@astana_live24)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.