Қазіргі уақытта құтқарылған әйел адамнын жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Ақмола облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Фото: Видеодан кадр/ТЖМ
1,305
оқылды

ТЖМ қызметкері Ақмола облысында суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бүгін Көкшетау қаласында Қопа өзенінде патрульдеу барысында жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Мұса Қарбай суға батып бара жатқан 1984 жылы туған әйелді судан алып шықты. 

Қазіргі уақытта құтқарылған әйел адамнын жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес. 

«ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.