Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті.
Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha
18,240
оқылды

Әлеуметтік желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның 6 шілде күні ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бейнежазбаны Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Еске салсақ, Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, ұсталған еді. 

«6 шілдеде полицейлер Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізген кезде KIA Сarnival автокөлігі келді, оның жолаушысы азамат М. полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, құқық бұзушының рәсімделуіне кедергі жасай бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне белсенді түрде қарсылық көрсетті. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның “орташа” дәрежелі мас күйі расталды. Нәтижесінде көлiк құралын басқару құқығынан айырылып көлiкті басқарғаны үшін Toyota Camry жүргізушісі 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімімен KIA Carnival жолаушысы құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды», – деп жазылған хабарламада. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бауржан Аленов (@baurzhan__alenov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.