Әнші өмірге келген сәбиі ұл екенін және оған ТөреАхмет деген есім бергенін жеткізді.
Төреғали Төреәлі ұлына қандай есім бергенін айтты
Фото: instagram.com/ toregalitoreali
4,680
оқылды

Жақында ғана сәбилі болған әнші Төреғали Төреәлі нәрестеге қандай есім бергенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әнші өмірге келген сәбиі ұл екенін және оған ТөреАхмет деген есім бергенін жеткізді.

"Өмірге келді тағы бір Ахмет,

Құдайдың мұнысына рақмет.

Алладан өзім барып сұрап алғам

Мұхаммедтің басында дұға тілеп.

Атасы ТөреАхмет деп атын қойды

Ахмет Мұхаммедтің бір аты деп.

Ахмет Байтұрсынов атасындай

Алаштың көзін ашар жыр оқы деп.

Бұны бірақ кенжем деп ойламаймын

Талаптанып көремін бір-екі рет!" – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.