Екі жасөспірім қыз құрбысын соққыға жыққан.
Оралда жасөспірімді соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды
www.istockphoto.com
556
оқылды

Куәгердің Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні болған. 

Жазылған мәліметке сүйенсек, екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған. Қыз құлап, басын тасқа соққан, аяғынан жарақат алған. 

«Осының бәрі екі ұл баланың көзінше болды. Олардың бірі қызды серуендеуге шақырған. Сол жерде екі бұрынғы құрбысы күтіп тұрған. Қазір анасы мен қызы полиция бөлімшесінде, олардан жауап алынып жатыр», – деп жазды куәгер.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.