Олар Бурабайдағы сауықтыру орталығында демалып жатқан. Өздері – Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Бурабайда 10 бала науқастанып, ауруханаға түскен
www.istockphoto.com
1,156
оқылды

Бурабайға демалуға келген 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, балалар Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, 2024 жылдың 30 маусымынан бастап, «Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығында демалып жатқан.

«7 шілде күні сағат 11:30 шамасында 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отолоринголог қарады, ЖРВИ-де жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады», – делінген хабарламада.

Дәрігерлер алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозын қойды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.