Ол көшедегі таныс емес балаларға тап беріп, бұрыш спрейін шашқан.
Ақтөбеде балаларға бұрыш спрейін шашып жүрген жасөспірім ұсталды
www.istockphoto.com
996
оқылды

Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей шекарасынан өту кезінде іздеудегі жасөспірім ұсталды. Ол көшедегі таныс емес балаларға тап беріп, бұрыш спрейін шашты деген күдікке ілінген, – деп хабарлайды Аikyn.kz.kz.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 6 шілдесінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода бозбала екі ұл балаға жақындап келіп, оларға бұрыш спрейін шаша салады. Салдарынан балалардың айқай салған дауысы естіледі. 

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері шекарадан өтпек болған кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады", – деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомство жасөспірімнің бұзақылық бабы бойынша іздестірілгенін де нақтылай кетті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.