Мұны аталған әуе компаниясы ресми мәлімдеді.
Boeing компаниясы екі ұшақтың апатына кінәлі екенін мойындады
582
оқылды

Boeing компаниясы екі ұшақтың апатына кінәлі екенін мойындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 24kz арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғалар 2018 және 2019 жылдары болған еді. Boeing 737 MAX әуе кемелері аспанға көтерілген бетте апатқа ұшыраған.

"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, барлық 346 жолаушы қаза тапты. АҚШ-тың Әділет министрлігі Boeing компаниясын бағдарламалық жасақтама құруда алаяқтық жасады деп айыптаған еді.

Корпорация сондай-ақ 243 млн доллар айыппұл төлеуге міндеттеледі. "Боинг" кінәсін мойындамаса, қоғам наразылығы одан сайын күшейіп, сот ісі ушығып, қазіргіден де ауыр жағдайға тап болуы мүмкін еді дейді сарапшылар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.