АҚШ-тың хронобиологы Қазақстандағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтару керегін айтты.
Сағат белдеуінің өзгеруі: иммунитетті түсіріп, ағзаның қабынуына әкеледі
2,842
оқылды

АҚШ-тың жетекші хронобиологы, ұйқы мен тәуліктік ритмді зерттейтін зертхананың директоры Мэри Карскадон (Mary Carscadon) Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне және бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты  пікірімен бөлісті. Оның бұл ойын уақыт ауысуын жою туралы петицияны қарайтын жұмыс тобының мүшесі, медициналық психолог Евгений Ян әлеуметтік желілерде бөліскен.

Мэри Карскадон - халықаралық хронобиологтар қауымдастығының құрметті мүшесі. Ол - АҚШ үкіметіне жасөспірімдердің тәуліктік ритм мен мектептің басталу уақыты жайында кеңес беретін сарапшының бірі.

Хронобиологтың пікірінше, бүгінде қазақстандықтар әлі өздерінің биологиялық сағатын дұрыс реттей алмай жатыр.

"Өйткені олардың денелері мен өмір сүру ритмі күн мен түннің ритміне сай келмей тұр. Сондықтан халықтың көпшілігі бұған әлі бейімделе алмай жатыр. Себебі, уақыттың ауысу арасы тым үлкен. Шынын айтқанда, түнгі сағат 03:00 мен 04:00 арасында ояну - тек таң атпай тұруға дағдыланған жандарға ғана жағады. Оның өзі халықтың бір ғана пайызы. Көпшілігі үшін бұл қолайсыз. Әсіресе, таңға дейін ұйықтамайтын жасөспірімдерге қиын. Сонымен бірге олардың биологиялық ерекшеліктеріне сай емес", - дейді маман. 

Оның сөзінше, сыртқы әлеммен дұрыс байланыстың болмауынан адамның иммунитеті түсіп, ағзадағы қабыну процестерінің көбеюіне әкеледі.  Сол үшін дәрігер ескі уақытты қайтаруды дұрыс деп санайды.