Тергеу амалдары басталды.
3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды
www.istockphoto.com
754
оқылды

Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Рейдтік шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 келі балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

«Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық анықталды. Алдын ала залал 2 800 000 теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр», – деп атап өтті Табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.

Өңір полициясы Жетісу тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.