Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Құрманай Бақтиярқызы: «Абақтыда бір дөкейдің туған күні өтіп жатқан жоқ па?»
6,801
оқылды

Асаба, ақын Құрманай Бақтиярқызы түрмеге қамалған Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

 

"Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па? Қылыштан өткір, өжет жүректі, өзгеше ұлдарыңа қарай көңіл аудартқызатындай Қазақстанда не боп жатыр екен, а? Әдейі қасақана көңілімізді бұзып, заңсыз шұжық пісіріп жатпасын. Аллаға аманат, қазағым тыныш болсын..",  деп жазды ол.

Ал желі қолданушыларына өнер иесінің сөздері ұнамай қалды.

"Өсіп келер жастарға өнеге көрсететін бір іс бітіргендей, батыр қылып көрсетіп керек емес. Үшеуі де араққа тойып алып, көкіректеріне нан пісіп, шу шығарып жүрген ғой. Сонша дәріптейтіндей кім еді бұлар?", "Осы мықтылар қайда қалды қаңтарда? Отан үшін отқа түс жанбайсың. Бердах сияқты шықпады ма? Дымы жоқ қанша қарапайым халық кінәсіз болса да, әлі жатыр ғой. Әншілердің бәрі ақшаның буына семіріп кеткен", "Құреке, "қылыштан өткір өжет" дейтіндей не өжеттік көрсетіп еді? Жалпы, ел алдында, сахнада жүрген дегеніңіз дұрыс болар", "Дұрыс. Заң бұзған болар, бұзбаса жайдан-жай ұстамайды ғой", деп жазды олар.