Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет – 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.
ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек бірінші тестілеуде 93 балл алыпты
inbusiness.kz
10,728
оқылды

Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Олар, сондай-ақ талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағаны хабарланған еді.