Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен Астана қалалық сотында қаралды.
Әнші Қайрат Нұртас апелляциялық шағым түсірді: сот шешімі шықты
Фото: instagram.com/ kair_n
11,117
оқылды

15 күнге қамалған әнші Қайрат Нұртас апелляциялық шағым түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Алайда сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен Астана қалалық сотында қаралды.

"Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қ.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот К.А.-ның ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.

Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді", – деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.