Ол құмар ойынды жергілікті мейрамханадан үй-жайды жалға алып өткізген екен.
Қарағандылық жігіт заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 32 миллион теңге тапқан
www.istockphoto.com
1,086
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Тергеу барысында күдіктінің "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды. Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімі бойынша, аталған азамат кінәлі деп танылды. Нәтижесінде оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.