39 жастағы азамат 8 ай бойы ауруханада жатып, оңалмай дүниеден өтті.
Басына диван түсіп, қаза тапқан азаматтың ісі қайта тергеледі
1,013
оқылды

Бас прокуратура Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөліміне («кісі өлтіру») ауыстырды. 

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағынаудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне диван құлаған. Салдарынан 39 жастағы азамат 8 ай бойы ауруханада жатып, ауруынан айыға алмай қаза тапты.

Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда кінәліні таба алмай, іс тоқтап қалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.