Қайғылы оқиға бүгін Атырау қаласы маңындағы Құрсай ауылындағы жеке балабақша аумағында орын алған.
Атырауда 4 жасар сәби балабақшада көз жұмды
2,436
оқылды

Қайғылы оқиғаның болғанын Атырау қаласының білім бөлімі де растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Оқыс оқиға 10 шілде күні сағат 11:00 шамасында «Чебурашка» жеке балабақшасында болған. Күндізгі серуен кезінде төрт жасар бала кәріз септигіне түсіп, суға батып кеткен. Сәбидің денесін балабақша қызметкерлері шығарған. Қазір тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған жайтқа қатысты құрылтайшының түсініктеме беруін күтіп отырмыз. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова. 

Атырау облысы Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Баян Жанұзақова

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.