Продюсер ұлының жолын тосып жүргенін айтып, қолдау білдіріп жатқан жандарға алғыс білдірді.
«Бибігүл анамыз сағын сындырып еді»: Қайрат Нұртастың анасы ұлына арнап жантебірентер жазба жариялады
Фото: instagram.com/ gulziraaidarbekova
35,501
оқылды

Продюсер Гүлзира Үсенқызы ұшақта жанжал шығарып, 15 тәулікке қамалған ұлы Қайрат Нұртасқа арнап жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Продюсер ұлының жолын тосып жүргенін айтып, қолдау білдіріп жатқан жандарға алғыс білдірді.

“Әншейінде күндер зулап өтіп бара жатыр деп ренжуші едім. Кім ойлаған, таңым да атпай, кешім де батпай, тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш-қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой, ештеңе етпес, сіздер де жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді. Иә, иә, бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айырылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Иә тәуба, ең бастысы балам аман! Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе, Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!”, – деп жазды ол. 

Гүлзира Үсенқызы кезінде Бибігүл Төлегенованың Қайрат Нұртас туралы айтқан пікіріне де тоқталып өтті.

“Ана” әнінде ютубтан толық нұсқасын байқасаңыздар, сахнадағы экраннан Бибігүл анамыздың суреті шығады. Тура сол кезде апамыз “Қайрат – жер” деп біраз сағын сындырып еді. Ұлым: “Қоя беріңіздерші, қарттық қой ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар, ол кісіге де арнаймын” деді. Сол кезде ұлымның жүрегінің кеңдігіне менімен бірге көмекшілеріміз де таңғалып, көзіне жас алып еді. Адамдар кейінгі кезде кекшіл, өсекшіл болып барады. Ел болып түзелеміз бе десек, күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе?”, – дейді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.