Синоптиктер еліміз бойынша 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Жел күшейіп, бұршақ жауады: Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
Ашық дереккөз
558
оқылды

Алдағы үш күнде оңтүстік циклонның әсерінен атмосферадағы синоптикалық жағдай қалыптасады, деп жазады Aikyn.kz.

Күн райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Қазақстан бойынша найзағай соғып, бұршақ жауады, дауыл мен жел күшеюі мүмкін.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендеуі ықтимал. Ал республиканың солтүстігі мен шығысында сынап бағанасы +28+38°С дейін жоғарылайды. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер болмайды.