Қайғылы оқиға «Соколовская» шахтасында болды.
Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты
587
оқылды

Қайғылы оқиға Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне тиесілі «Соколовская» шахтасында болған. 

Бұл туралы ССКӨБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Тау массасының қабыршақтанған бөлігі өтіп бара жатқан жұмысшыға құлады. Ол жарақат алып, қайтыс болды. Бұл шахтадағы жарылыс жұмыстарынан кейін болды. «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады. Отбасына қажетті көмек көрсетіледі», – деп жазды баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жүргізіледі.