Бұл ақпаратты комбинаттың баспасөз қызметі растады.
Рудный шахтасында кенші мерт болды
873
оқылды

Жазатайым оқиға Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің Соколов шахтасында болған. 280 метр тереңде жұмыс істеп жатқан шахтер қаза тапты,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Өндірісте құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін 280 метр тереңдікте тау-кен массасының бір бөлігі опырылып, жұмысшының үстіне құлап басып қалған. Салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ресми хабарламада. 

Кәсіпорын ұжымы көңіл айтып, сондай-ақ марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.