Ақсу ферроқорытпа зауыты ақпаратты растады.
Қайрат Нұртас тағы бір концертке қатыспайтын болды
Фото: instagram.com/ kair_n
1,899
оқылды

Қайрат Нұртас "Металлургтер күні" және Ақсу қаласы күніне арналған мерекелік кеште өнер көрсетпейді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Pavlodar News-тің жазуынша, әнші тізімнен шығарылған. Өйткені ол 19 шілдеде ұшақта төбелескені үшін қамауда отырады. Ақсу ферроқорытпа зауыты ақпаратты растады.

Қайрат Нұртасты басқа әртіспен алмастыру туралы ақпарат әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар жаңартылған тізімді кейінірек Instagram-парақшада жариялауға уәде берді. Ақсуда жоспарланған шоу-бағдарламада "Роял бит" барабаншылары, Luina және Kaliforniya және басқа да әншілер өнер көрсетеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.