Жекпе-жек 13 шілде Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.
Нокаут: ESPN Жәнібектің айқасы немен бітетінін жазды
Фото: ©x.com/qazaqstyle
1,936
оқылды

ESPN сайты орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатын айқасын осы аптада өтетін ең жарқын жекпе-жектер тізіміне қосты, - деп хабарлайды Aikyn.kz kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек 13 шілде Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған. 

"Әлімханұлы - ESPN-нің орта салмақ рейтингінде бірінші және ол жарқын жеңіске жетуге тырысады. Жәнібекте орта салмақта үлкен табыс көруге жол ашатын атақты боксшылар жоқ. Әлімханұлы, отандасы Геннадий Головкин сияқты, осы салмақтағы өзге боксшылардан мүлде басқа деңгейде. Михайлович - Жәнібекке қарсылас емес, біздің болжам бойынша, бұл айқас нокаутпен бітеді", - деп жазыпты ESPN.com.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.