Ол желіде жариялаған видеосында "Не туралы ойланып отырсыз?" деген сұраққа "Үйлену керек еді" деп жауап берген.
Жахан Отарғалиев үйленбей жүруіне не себеп екенін айтты
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev
3,782
оқылды

Актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде үйленбей жүруіне не себеп екенін айтты, - деп жазды Aikyn.kz. 

 

Ол желіде жариялаған видеосында "Не туралы ойланып отырсыз?" деген сұраққа "Үйлену керек еді" деп жауап берген.

"Алдында бір қыз бар деп, соған үйленейін деп жатыр едіңіз ғой" деген кезде "Ол қыз мәхрге "Джет" сұрайды, ал менікі жетпейді", - деп әзілдеді Жахан Отарғалиев.

Видеоның соңында "Әй, Дамеля" деп күлгенін көруге болады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.