СҚО прокуратурасының мәліметінше, медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарын бұзған.
СҚО-да қатерлі ісікке шалдыққандардың құқығын бұзып, сараптама жасамаған
391
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау саласына талдау жүргізіп, өрескел заң бұзушылыққа жол берілгенін анықтады. Мәселен, онкологиялық дертке шалдыққандардың құқығы бұзылған.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. 

Қадағалау органының актісінен кейін бұл азаматтарға мүгедектік белгіленді, енді олардың әлеуметтік қолдаудың барлық тиісті түрлерін пайдаланып, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. 

Заң бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. 

Бұған дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,7 мыңнан астам жұмысшының еңбекақысын алып бергенін жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.